Біздің блогқа қош келдіңіздер! Приветствуем Вас на нашем блоге! Надеемся, что Вы найдете здесь много интересной информации! Просим Вас уважаемые читатели оставлять свои комментарии и пожелания о блоге.

История Житикары

Создатель блога: Житикаринская районная библиотека

Оцифровка: Згоник Г.Д., Ташманкулова С.

Торышев Шаймагамбет

ДРУЖНАЯ СЕМЬЯ
ТОРЫШЕВЫХ
Л. ЧЕРНОГОРСКАЯ. 

Придумывать что-либо, приукрашивать и расцвечивать свое выступление ему не было никакой нужды - все события и факты взяты из собственной жизни и из жизни его семьи. Тем не менее, подводя итоги телевизионного айтыса акынов Кустанайской и Северо-Казахстанской областей, жюри вынесло решение; акыну из далекой и мало кому известной Джетыгары Шаймагамбету Торышеву, присудить звание лауреата первой степени. А тема была, между: прочим, не из простых: два языка –казахский и русский — языки дружбы двух народов. На самые разные темы пишет поэт: о Родине и партии, о материнском подвиге, о трудовых достижениях советских людей и своих земляков, о трудностях и успехах перестройки... Нет, придумывать акыну ничего не надо: сюжеты, темы -г- вот они, под рукой. Как и эта: два языка, - языки, дружбы двух народов.
Тридцать два года своей жизни отдал Шаймагамбет Тлеубаевич беспокойной, тре­вожной и полной всяких неожиданностей службе в милиции. А когда вышел на пенсию, все свободное время, которого раньше почти не было, стал посвящать любимому занятию - музыке, пению, сочинительству.
Прежде, в редкие минуты отдыха, брал он домбру, наигрывал или напевал под ее звуки, и те, кто оказывался рядом, немало удивлялись: как хорошо, душевно инструмент у этого, казалось бы, такого далекого от музыки человека!
А ему, чуть ли не сутками пропадавшему на работе, может, именно эти минуты и придавали теплоты и сердечности, доброты и умения понять человека.
Придавала душевных сил и семья: xoть и мало времени для нее оставалось - здесь обретал он покой и равновесие. Подрастали один за другим сыновья Владимир, Максат и Мурат, теперь уже сами - совсем взрослые люди. И жена, Людмила Павловна, всегда старалась, чтобы в семье были – дружелюбие, взаимопонимание.
Людмилу Павловну, сибирячку. привела в наши края целина. Здесь продолжала она трудиться в торговле. С 17 лет и по сей день верна этой хлопотной, профессии. Спрашиваю:
- И у вас работа напряженная, и у мужа - еще более трудная, а как же семья, дети, тем более одни мальчишки::
- Первая моя помощница - мама. Благодаря ей- и порядок в доме.
- А не мешало ля миру в семье то, что вы—русская, а муж казах, ведь различия в нациях все равно как-то сказываются?
- Я б не сказала: проблемы такой не стояло. Трения поначалу, конечно, "были, ведь мы были молодые, Я,- например, многого не знала, не умела. Пришлось многому учиться (готовить, например, казахские блюда), к чему-то привыкать. Подрастали сыновья – забот прибавлялось. Старший, Владимир, окончил Магнитогорский горно-металлургический институт, сейчас работает мастером в рудоуправлении. Максат - дома его зовут Мишей-учился в художественном училище теперь – художественный руководитель инструментального ансамбля в СПТУ- 13. Мурат сейчас служит в армии, а до этого закончил ; наш горный техникум и успел немного поработать на производстве. Разные у всех трех профессии, но каждый, как и отец, очень музыкален и каждый играет на нескольких инструментах.
Растет семья Торышевых: все сыновья имеют хорошие профессии, с уверенностью смотрят в завтрашний день, радуют дедушку с бабушкой внучата, Саша и Рустам; полноправными членами семьи стали две снохи- две Ирины. Кстати, однаиз них немка, другая русская, но, разумеется, национальные различия воспринимаются весьма условно- главное ведь то, что объединяет, сплачивает, а не то, что могло бы разъединить...
Большая и дружная интернациональная "семья Торышевых - одна из многих тысяч советских семей, из которых и состоит наше общество. Крепче - семья -крепче и общество. Пожелаем же всем Торышевым мира и благополучия. 

«Асылдар жарқырайды кір жасырмай»
Ұйымдастырушы – Әсем: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,  және кітапхана оқырмандары.  Бүгін «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік Мекеменің қолдауымен орталық аудандық кітапхананың әдеби салоны және аудандық мәдениет сарайының жанынан құрылған ақындар мектебімен бірлесе отырып «Асылдар жарқырайды кір жасырмай» атты ақын Шаймағамбет Тлеубайұлы Торышевтың еске алу кешін ұйымдастырып отырмыз. Алдымен еске алу кешінің салтанатты рәсімі бойынша бәріміз орнымыздан тұрып, Шаймағамбет Торышевты еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

1 минут үнсіздік
Осындай игі шараның өтуіне ұйтқы болып отырған Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Досмұхамедов Алмат Кәкімжанұлына сөз береміз.

Алғы сөз: Досмұхамедов Алмат Кәкімжанұлы
Бүгінгі мәдени шараны күмбірлеген күйімен ашатын «Балдәурен» ұлттық аспаптар ансамблін қарсы алыңыздар. Жетекшісі Арыстанбай Өмірзаков. Абай «Төр жорға»

 «Балдәурен» ұлттық аспаптар ансамблі
Шаймағамбет Тлеубайұлы Торышевтың кезінде Жітіқарада ақындар мектебінің ашылуына бар жанын сала кірісіп, игі жұмыстың атқарылуына мұрындық болды. Бүгін бұл ақындар мектебінде жетекшілік ететін жас ақын Оспанов Марғұлан  бұл кештің жүргізушісі. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші – Марғұлан:
Халқымыз той жабдығын тағайындар
Қамқоршы әпкелер мен ағайым бар,
Бас иіп алдарыңда салем берем
Саламат, саумысыздар ағайындар. 
Ел едік Тәуелсіздік таңды көрген
Төбемде көк байрағым желбіреген,
Халқыма ғасырларға мақтаныш қып
Қазаққа небір асыл ұлдар берген. 
Бір ғасыр жалғастырып бір ғасырды-ай
Асылдар жарқырайды кір жасырмай.
Қазақтың атын жайған жер шарына
Ұлылар нұрлы күннің шұғыласындай, деп көрнекті ақын, жерлесіміз, Казақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі Шаймағамбет Торышұлы ауданда ұйымдастырылған ақындар айтысының алғы сөзін осылай деп бастаған екен. Ия, асылдай жарқырап, нұрлы күннің шұғыласындай болған шайыр ақын Шаймағамбетті еске алуға арналған әдеби, мәдени шараға хош келдіңіздер.
Өлеңді айтысқанда селдетемін
Шабыт келмей шықпайды сөз де тегін.
Азырақ осы арада үзіліс қып,
Ақынды қасымдығы сөйлетемін, деп Шаймағамбет Торышұлы бір айтысында қарсыласына кезек берген екен. Осы бір ауыз сөзіне қарап тұрсаң бүгін де өзі келместің кемесіне мініп, жас ұрпаққа жалпақ тілің жеткенше жырла жалғандыңды деп өмір кезегін ұсынып тұрған тәрізді. Ия, Құнанбайдың баласы Абайша айтсақ, артына өлместей сөз қалдырған шайыр ақын Шаймағамбетті өлді деуге кімнің ауызы барсын. Көзден кетсе де көңілден кетпеген арыстай азаматымыздың, еліміздің маңдай алды талантты ақынының биыл дүниеге келгеніне 82 жыл. Яғни тірі болса атамыз 82 жасқа толған болар еді. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деген қазақтың баласымыз. Құдайға шүкір, бүгін де осы жерде Шаймағамбет атамыздың көзін көрген замандастары, өмір жолында, өнер жолында үзеңгілес жүрген іні-қарындастары, өлеңге баулыған шәкірттері және туған туыстары келіп отыр. Қазір осы кісілермен жек-жеке сұхбаттасып, емен-жарқын әңгімелесетін боламыз. Алдымен Шаймағамбет Торышұлының көзі тірі кезіндегі таспаға түскен бейнесін мына экраннан тамашалайық.

Экраннан бейнеролик көрсетіледі 
«Ақ домбыра қолға алдым
Халқымды келген көргесін.
Сіздерге сәлем жолдадым,
Ортаңа бүгін келгесін.
Егеменді ел боп қазағым
Тәуелсіз дәурен сүргесін.
Бұза алмайды ешкім де,
Халқымның берік іргесін.
Көптен бері көрмеген,
Көрісіп сәлем бермеген,
Кездескесін сіздермен
Шайырың бүгін сермесін.
Аталы сөзбен аршындап,
Ашайын жырдың пердесін,
Үнімнен ырғақ төгілтіп
Басайын саздың пердесін.
Тыңдауға мені келіпті
Ағайын-туыс, жерлесім.
Танымаған таныс бол
Алдыңа келді ағайын,
Шәкеңдей шайыр термешің», деп жырлайды атамыз бір термесінде.
Қадірменді көрермен, енді ортаға Шаймағамбет Торышұлын еске алу кешіне арнайы келіп, арнау өлеңін оқып бергелі отырған ақын, күйші, сазгер Тұрсынов Тоқтарбай Тұрғанұлын шақырамыз.

Т.Тұрсынов арнау
Сұрақтар:
Тоқтарбай аға, сіз де тамаша ақынсыз, осы Шаймағамбет атамыздың шығармашылығына халықтың көзімен емес, ақынның көзімен қарап, қалай бағалар едіңіз?
Жалпы өмірді өнерсіз елестету мүмкін емес. Сіз айтыңызшы, өнер адамы қоғамға қандай пайда тигізе алады деп ойлайсыз?
Шаймағамбет Торышұлы жазба ақын, айтыскер ақын, дарынды термеші. Ол кісінің бойындағы осы өнерлердің қайсысы басым еді? 
Шаймағамбет Торышұлының өнерде қандай адам екенін анғардық, енді өмірдегі ұстанымы, болмысы қандай еді? Осы сұрақтардың жауабын алу үшін ақынның замандасы, сыр алып, сыр бөлісіп талай дастарханда табақтас, дәмдес болған ауданымыздың ақсақалы Сармурзин Сұлтан Жаманғалиұлын ортаға шақырайық.
Сұрақтар:
Шаймағамбет Торышұлының бейнесі есіңіз де гой, қандай адам болып еді ол кісі?
Сармурзин С.Ж. мәнерлеп оқиды
Ата Заң.   Арнау
...Жалтақтамай ешкімненде Сескенбей
Елдің көші сара жолға түскендей,
Сары жол сол – Абылай салған ата-жол
Болған талай тарихымда, қате жол.
2030 Нұрсұлтан салған нұрлы жол
Нұрлы жолдың халқыма себер нұры мол,
Осы жолмен алға тартып келемін,
Байлығым мол орындалар дегенім,
Жердің асты қазыналы қара алтын,
Қара мұнай – дариядай дара алтын,
Көгілдір газ өлшем жетпес көлемін
Ақ бидай, алтын, бітік шықты мол егін,
Осының бәрін еңбек етіп игеріп,
Келесі ғасыр қойнауына енемін,
Арман еткен ертеңгі күн осындай
Қартта болсам болашаққа сенемін,
Қазақстан ата – заңы жасасын
Тойлай берсін, шырқай берсін ел әнін.
Қазір біздің ауданымыздың мәртебесін көтеріп жатқан

Қай кезде де ақындар заманның зар-мұңын жырлап, қара қылды қақ жарып, істің ақиқатын ақтарып, биліктің саясаты мен қоғамның ісіне ешқашан бейжай қарамаған гой. Ал, халықтық ерке ұлы атанған ақын Торышев халқы үшін не істеді де? 
Сармурзин С.Ж. мәнерлеп оқиды

Е. Есжанов   Арнау
Мешін жылы аяқталып
Жаңа жыл Тауық туды.
Қазақ халқының батыры
Жерлесіміз Естай Есжановтың
Ескерткішіне қауып туды.
Қарсы алып Тауықты
Қолдан жасап сауықты
Ескерткіш түрған Алаңға
Бір алып сатар жылпостың
Сарай салуға көңілі ауыпты
Әкімнің көнілін тауыпты
Ұлықсатын алыпты
Кірпіштен сарай салыпты
Ескерткіші Естайдың
Аяқ асты қалыпты
Бұл басынғандық емеспе?
Қазақ атты халықтар
Естайда жеңісті аңсаған,
Жеңіске жетпеді қаншажан
Ау халық үшін емеспе?
Естай, сынды батырдың
Жауды қырғаны самсаған
Арманда кетті-ол Шер-нала
Бүгінде бізде ел жаңа
Елі үшін жан қиған батырға
Елінен ескерткіш сол ғана.
Батырдың аңсаған арманы
Аттығой азаттың таңдары
Байқандар–байқандар ағайын
Естайдың соқпасын аруағы.
Осы жерден әңгімемізді үзе тұрып, ақынның шығармаларына кезек берейік.

2 мектептің оқушылары Ш. Торышұлының өлеңдерін кезек-кезек оқиды

Мемлекеттік теңгеміз. Толғау
Сүйінші, жұртым, сүйінші,
Шаттанайық баршамыз.
Басынды қосып жиылшы.
Күннен күнге ашылып,
Тәуелсіздік пердесі.
Адамның кеңіп зердесі,
Күн нұрындай шашылып,
Қазақтың шықты жарыққа
Мемлекеттік теңгесі.
Марка менен пара-пар,
Рубль емес теңдесі.
Болашаққа доллардың,
Теңге болмақ шендесі.
Жеті түрлі теңгеміз,
Жеті тарау тарихым,
Жаңа ашылған көмбесі.
Мемлекет құрған заңғарым,
Жүргізген әділ заңдарын,
Отанын сақтап қорғауға
Шүберекке түйген жандарын.
Алашқа мәлім Абылай,
Әбілхайыр хандарым,
Теңгеміздің бетінде.
Теңгеміздің бетінде
Ұлы ақын Абай бар.
Ұлыларың қазақтың
Біледі енді талайлар.
Олқы халық емесі,
Әлем танып, абайлар.
Қош ішекті құдірет,
Сан қырлы сазбен күмбірлеп,
Таң қалдырған талайды
Сыр ұғысып желменен,
Айдың шалқар көлменен.
Жүрегінен күй шерткен,
«Сарыарқа» мен «Адайды»,
Теңгеміздің бетінде
Қазақтың ұлы сазгері
Құрманғазы бабамыз. 
Сары алтынмен апталған,
Шын күміспен бапталған
Теңгеге қойған бағамыз.
Тоғызыншы ғасырдан,
Халқының даңқын асырған.
 Екінші үстаз атанған,
Он ғылымды меңгерген,
Он жеті тілде сөйлеген,
Шам қаласын шарлаған,
Бармаған жері қалмаған
Қоныс алған Мысырдан,
Теңгеміздің бетінде
Әл-Фараби ғұлама. 
Тектінің тегін жоғалтпай,
Шаң жұқтырмай асылға,
Қайнаған құрыш болаттай
Жапанға келген жаралып
Он тоғызыншы ғасырда,
Анасынан туылған
Құсмұрын көлдің маңында
Ғылымға деген құштарлық
Жаратылған жанында
Халқына деген махаббат.
Тамырда аққан қанында
Жетпей жатып отызға.
Ғылымды ашып әртүрлі,
Жарк еткен де жоқ болған.
Аққан жұлдыз секілді,
Теңгеміздің бетінде
Шоқан ғалым бейнесі.
Көктің нұры секілді. 
Олқының толмас ортасы,
Отанға қазақ жиылмай.
Тәуелсіздік аңсадық.
Көздің жасы тиылмай.
Егемен елдің тнңгесі,
Құдайдын берген сиындай.
Теңгеміздің бетінде
Заманының бұлбұлы,
Халық ақыны Сүйінбай.
Көкте жайған қанатын
Қарап бүркіт мұзбалақ
Ортасында шаңырақ
Қазақтың туы көк байрақ
Теңгеміздің бетінде.
Ерлікке де бастайтын
Енбекке де бастайтын,
Қос пырақты елтаңбам,
Теңгеміздің бетінде.
Белгілі көпке бесене
Ғасырлар тұрған кесене.
Қожа Ахмет Яссауи
Мұсылманша дінімде,
Қазақша ана тілімде,
Әл-Фараби, Шоқаннан
Бізге қалған білім де.
Теңгеміздің бетінде.
Бүркітшінің сыры да
Оқжетпестің жыры да,
Алатаудың шыңы да,
Нарықтың қымбат құны да,
Дос дұшпанның сыны да,
Теңгеміздің бетінде.
Еңбек етсек ел болып
Молаяды байлығым,
Көрінгенге жем болып,
Жүрміз әлі жай бүгін.
Намысқа толса кеудеміз,
Тұрақты болад теңгеміз.
Тұрақты болса теңгеміз
Қалмаймыз елдің шетінде.
Тұрмаймыз желдің өтінде.


Мемлекеттік мерекем

Мемлекеттік мерекем,
Тарихта аты қалған күн.
Біз тәуелсіз елміз деп,
Әлемге жария салған күн.
Болсада басқа түріміз,
Болсада бөлек тіліміз.
Біз туыспыз,
Біз доспыз.
Бірімізге – біріміз,
Бірімізге – біріміз
Деп айтпайық іріміз.
Қазақ елі ақорда,
Ақ көңілмен кіріңіз,
Ақ көңілмен кіріңіз
Құрметті сізге төріміз.
Сөйлесейік қазақша,
Мемлекеттік тіліміз.
Мемлекеттік тіліміз
Сізде қазақша біліңіз.
Тілді білсек сыйлаймыз,
Бірімізді – біріміз.
                        
    Жан сұлулығы
Өмірде болсын десең жаның сұлу,
Сұлулықты керек-ау мол ұғыну,
Жаны сұлу адамның көңілі ақ.
Көңілі ақтың басында – білім мен бақ.
Жаны сұлу сыйлайды ата-анасын,
Жаны сұлу сыйлайды аталасын.
Жаны сұлу қазақтың даласындай,
Халыққа қамқоршы ол анасындай.
Жаны сұлу адамда жаттық болмайт,
Жұрттың бәрін көреді баласындай.
Жаны сұлу жан қиған отан үшін,
Жаны сұлу аямайт білім күшін.
Жаны сұлу елімнің Азаматы,
Азамат сол атқарса елдің ісін.
Жаны сұлу елімнің ар ұжданы,
Елімнің бар осындай ұл-қыздары,.
Жаны сұлу елімнің берекесі,
Жаны сұлу елімнің мерекесі.
Жаны сұлу адамның өзі сұлу,
Жаны сұлу адамның сөзі сұлу.
Жаны сұлу адамның бәріде ақын,
Жаны сұлу өзімнің туған халқым.
Жаны сұлу, Ел басым, үкіметім,
Қолдаушысы елімнің мәдениет даңқын.
Жазба ақын мен айтыскер ақынның өзара ерекшеліктері бар, оны салыстыруға да болмайды. Ал Шаймағамбет атамыз осы екі өнердің басын қатыр алып жүрген тамаша ақын еді. Өкінішке орай, оның жазған дүниелері, қаншама еңбектері әзірге тек мынадай парақ-парақ боп шашылып жүр. «Сарғайса да газеттің ақ парағы, ол ертең тарих болып сақталады» демекші мұражайда сарғайып, сақталып тұрған шығармаларының ішінде айтыстары жоқ. Әзірге кітабы да жарық көрген емес. Демек, біз яғни жас ұрпақ Ш. Торышевтің қандай ақын болғанын, қалай айтысқанын білмейміз. Бірақ, заманында айтысқа қатысып, ойлы сөзімен қарсыласын ойсырата жеңген, талай саңлақ ақындармен сахналас болған  Байнақатова Жамила Қабдоллақызы отыр ортамызда. Жамила апай сізді де әңгімеге тартсам ба деймін.

Сұрақтар:
Шакең ақынмен айтыс сахнасында кездескен кезіңіз бар ма?

Бұл Шакең шығармашылығының шыңы емес еді ғой, амал не, қысқа ғұмыр оған жеткізбеді. Дегенмен, біз осы бар дүниені бағалай алып жүрміз бе, Шакең өз бағасын қашан алады, әлде алып болды ма?

Әңгімеміздің өзегі болсын, осы жерден бір үзіліс жасап айтыс тамашалап алайық.

Қыз бен жігіт айтысы
Жігіт:
Айтусыға қалай қалың,
Көп қыздан өзің болды таңдағаным,
Батпайды өзің жоқта ішкен асым,
Аптайды алауланып арай таңым.
Қыз:
Сәлем ал, не жаңалық,
Сөздеріне отырмын мен таңғалып.
Батпай жүрсе бойыңа ішкен асың,
Бастамай ақ айтысты доғаралық
Жігіт:
Қыздар көп боянатын қасы қалың,
Көргенде сондай қызды ашынамын.
Бояуы жаңбыр жауса бетін жабар
Қашанғы мұны жұрттан жасырамын
Қыз:
Жігіт бар жалбыр шашы желкесінде
Қыздардан өзін сірә кем десінбе?
Басыңа басы ұқсап тұрғаннан соң
Қасына байқаусызда ертесіңде.
Жігіт:
Қыздар бар қайшыменен шашын кескен
Ақылы ай далаға ауа көшкен.
Қайдасың қос бұрымды сұлу қыздар
Болама шығаруға асылды естен.
Қыз:
Жігіт бар ала құйын арам тамақ
Жақсыны кімдер кәне жамандамақ
Өзінше еңбек етіп Әкесінің
Пенсиясың жартылай бөліп алмақ.
Жігіт:
Қыздар бар ана тілін ардақтамас,
Дәстүрсіз салт, санада алға аттамас,
Араласып орысша-қазақшасы
Не айтып, не қойғанын салмақтамас
Қыз:
Жігіт бар ала мінез арақ құмар,
Ерінін шыны көрсе жалап тұрар.
Ақшасы бір шыныға жетпеген соң
Тиынын дүкендерде санап тұрар.
Жігіт:
Қыздар бар шалбар киіп шалқақтаған
Баса киген жараспас қалпақта оған.
Шет елдік бір киімді көре қалса
Қайта-қайта дүкенге жалтақтаған
Қыз:
Жігіт бар міңгірлеген, шіңкілдеген
Сондайларды көргенде күлкім келген.
Бір ауыз сөз сыпайы айталмайды,
Күбідей түбі түскен дүңкілдеген.
Жігіт:
Қыздар бар көнілдері көкке өрлейтін
Көзіме елестетемөктем кейпін.
Тартады темекені менен артық
Жүз грамм жұтудыда жек көрмейтін
Қыз:
Жігіт бар міңгірлеген, шіңкілдеген
Сондайларды көргенде күлкім келген.
Бір ауыз сөз сыпайы айталмайды,
Күбідей түбі түскен дүңкілдеген.
Жігіт:
Қыздар бар тосып жүрген сүйгендері
Ине ұстауға келмейтін икемдері.
Ақ саусаққа жолыққан жігіттердің
Өмір бойы қамырша иленгені
Қыз:
Жігіт бар, ата – анаға сармаңдай боп
Жүгірер жұдырығы қорғандай боп
Кешкілік кереметтей кеуде керер
Таңертен торда отырар торғадай боп.
Жігіт:
Қыздар бар киінетін мода менен
Модаға шыбындай боп қонады екен
Егерде қатар жүрсең сол қыздар мен
Қылығына көнілің толама екен.
Қыз:
Жігіт бар ауылда өсіп қала қашқан
Ақшасын ата – ананың ала қашқан.
Қайта-қайта түселмай құласада
Институт, техникуммен жағаласқан.
Жігіт:
Курбым ау біздеде айып, сіздеде айып,
Кемшілік кері тартқан кімге лайық.
Біріміз ұядағы, ұл атанып
Біріміз қиядағы қыз болайық.
Қыз:
Түсінсен Қайрат ау мен не дейін
Айтқан сындар жойылсын үндемейін.
Алдымда асқар таудай жігіт тұрса
Даланың гүліндей боп тербелейін.
Екеуі қосылып:
Тәуелсіз Қазақстан елім қандай
Үннен ырғақ тілімнен бал тамғандай
Осы айтыстан, кейінгі оқушылар
Келешекте болсында үлгі алғандай.
        Құрметті көрермендер бұл екеуінің айтысы Шаймағамбет Торышұлының қыз бен жігіт айтысынан алынып отыр. Шакеңнің шәкірт дайындаудағы шеберлігі басқадан басым еді ғой. Баланы жанын салып дайындап, бойындағының бәрін беретініне мен де куә болғам бір кездері. (қол жазбасынан шәкірті Құрметбекке жазған айтысынан үзінді оқу).
Шаймағамбет Торышевтің қаншама шәкірттері бар. Бірақ, ізін жалғап ақындық өнерін дамытып жатқан бірі жоқ. Мүмкін ол шәкірттерін тек өлең жазуға, айтысуға ғана тәрбиелемеген шығар, басқа да өнер өлкесіне қанат қағуға қол ұшын берген шығар. Бұл сұрақтардың жауабын, ақынның шәкірті, осы ауданның мәдениеті мен тілдерін дамытуға зор үлесін қосып жүрген Әлмұхамедова Жаңылдық Әлтайқызын ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

Сұрақтар:
Сіз Шаймағамбет Торышұлын ұстазым деп қабылдап көрдіңіз бе? Ол сізге не үйретті?

Ол кісінің басқа да қандай шәкірттері бар және олар қайда?

Сіз енді ауданның мәдениетінің бір бұрышын ұстап тұрсыз ғой. Шакеңнің атын болашақта маңгі есте қалдыру үшін атына бір нысан немесе көше берілмей ме?

Шаймағамбет Торышевтің ізін жалғап, көңілін өлең тербеп, шалқар шабыты еріксіз қолына қалам ұстатып жүрген ортамызда тағы бір дарын иесі Ғалами Ғазизұлы отыр. Бұл кісінің де кеш иесіне арнаған тамаша арнау өлеңі бар екен соны тыңдайық.

Арнау: Ғалами Ғазизұлы


Шаймағамбет Торышев ауданымыздың ардақты азаматы екені даусыз. Ол отбасында қандай адам еді. Қандай әке, қандай ата болды? Оны осында келіп отырған туған-туыстарынан сұрап білейік.

Шайыр ақын Шаймағамбеттік термесі орындайтын М.Оспанов.

Кешке жиналған қауым сіздердің қандай ойларыңыз бар, Шаймағамбет Торышев жайлы не естелік білесіздер, немесе бүгінгі қонақжай шаңырақтың қонақтарына қояр сауалдарыңыз болса, мүмкіндіктеріңіз бар.

Қорытынды соз, тоқсан ауыз создің тобықтай түйінін шығарып нақты бір-бір ауыз сөзден айтсаңыздар?

Қадірменді қонақтар, көрермендер Шаймағамбет Торышевты еске алуға арналған «Асылдар жарқырайды кір жасырмай» атты бүгінгі кешімізге алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге, асылдай ойларыңызды айтып бергендеріңізге мың да бір алғысымызды айтамыз. Ақиық ақын Мұқағали айтқандай «Біздерді де іздейтін жан болса егер, шаң басқан архивтерден табылармыз» демекші мынандай қаншама дүниелер шаң басып архивтерде жата бермей, сөрелерде бойы сорайып кітаптар болып тізіліп тұрсын дегім келеді. Қайта көріп, көз қауышқанша хош аман сау тұрыңыздар.

СОҢЫ...

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Торышұлы, Ш. Мемлекеттік теңгеміз: толғау [Мәтін] / Ш. Торышұлы //  Қостанай таңы. – 1993. – 27 қараша. –  Б. 3.
2.     Торышев, Ш. Айтыс туралы айтарым [Мәтін] / Ш. Торышев // Қостанай таңы. - 1996. – 17 мамыр. – Б. 7.
3.     Черногорская, Л. Дружная семья Торышевых фото [Текст] / Л. Черногорская // Пресс – экспресс. - 1987
4.    Торышев, Ш. «Қуаттың» қуаты: шағын поэма «Қуатты» АҚ-ның Президенті Бақытжан Ғаязовға арналады [Мәтін] / Ш. Торышев // Қостанай таны. – 19 тамыз. – Б. 4.                                

Комментариев нет:

Отправить комментарий